Ұсынылатын қызметтердің сапалы болуы – біздің басты міндетіміз. UNEX STROY өз клиенттерінің қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырып, үміттерін артығымен ақтауға күш салады.
Бұл үшін 2012 жылдан бастап Компанияда сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі әзірленіп, енгізілді.
Жүйе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес түрде құрылған, әрі ISO 9001:2015; ISO 14001:2015; OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.
ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ «КОМПАНИЯ «UNEX STROY» ЖШС КЕЛЕСІ ҚАҒИДАЛАРДЫ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАДЫ:
-
жұмыстарды компания қызметкерлерінің, Тапсырысшының, бөгде тұлғалардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәртіпте және әдістермен жүргізу;
-
құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасына қойылатын бүкіл талаптарының сақталатындығына Тапсырысшының сенімін арттыру және аталған талаптарды сақтау;
-
ISO 9001:2015; ISO 14001:2015; OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және оны үнемі жетілдіру;
-
сапа менеджменті жүйесінің үдерістеріне тұрақты мониторинг жасау, мөлшерлеу, талдау, жақсарту; компания қызметкерлерін қызықтыру;
-
сапа саласындағы мақсаттар мен міндеттерімізді түсіндіру негізінде жеткізушілермен өзара тиімді ынтымақтасу;
-
компанияны басқарудың барлық деңгейлерінде сапа саласындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты бөлу;
UNEX STROY БАСШЫЛЫҒЫ САПА, ЭКОЛОГИЯ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫН МІНСІЗ ҰСТАНУ МІНДЕТТЕМЕСІН ӨЗ МОЙНЫНА АЛАДЫ:
-
ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін Менеджменттің біріктірілген жүйесінің тиімді қызмет етуіне, жетілдірілуіне және нәтижелілігін артыруға ұмтылу;
-
Тапсырысшының талаптары мен үміттерімен санаса отырып, құрылыс-құрастыру жұмыстарының тұрақты сапасын қамтамасыз ету, мойнына алған келісім міндеттемелерін орындау;
-
Қазақстан Республикасының құрылыс-құрастыру жұмыстары сапасымен, экологиялық мәселелермен, еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдермен байланысты заңнамалық және нормативтік талаптарын, сондай-ақ компанияның мойнына алған басқа да талаптарды орындау;
-
сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы салаларындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
-
жұмыскерлердің өндірістің жағымсыз факторларынан қорғалуын қамтамасыз ету, еңбек пен демалыстың тиімді тәртіптерін енгізу, өндіріс басындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту, өндірістік қызмет нәтижелерінен бұрын жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын жоғары қою қағидасын басшылыққа ала отырып, ұжымды және жеке адамды қорғаудың ұтымды әдістерін енгізу;
-
қолайсыз жағдайлар, жазатайым жағдай мен апаттық жағдайлардың алдын алу ісін қамтамасыз ету;
-
сапа, экология, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді шешуде қызметкерлерді тартуға мүмкіндік беру;
-
жұмыскерлердің құзыреттілігін арттыру, компания жұмыскерлерін қауіпсіз еңбек етуге үйретудің үздіксіз жүйесін енгізу, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты талаптарды орындауға тұрақты ұстанымға ие болу әдетін қалыптастыру;
-
техника мен жабдықтарды қолданған кезде, сондай-ақ технологиялық қызмет барысында қоршаған ортаға тигізетін зиянды азайту мақсатында табиғат ресурстарының қорғалуын қамтамасыз ету;
-
менеджменттің біріктірілген жүйесі үдерістерін үнемі мониторингтен өткізілуін, мөлшерлеуін және жақсартуын қамтамасыз ету;
-
қызметкерлердің сапа, экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы өкілдіктері мен жауапкершіліктерінің нақты үлестірілуін қамтамасыз ету.
СЕРТИФИКАТТАУ САЛАСЫ:
Жер қазу, жалпы құрылыс және құрастыру жұмыстары; жол, гидротехникалық құрылыстар, мұнай-газ құбырларын салу; теңіз қайраңындағы жұмыстар.